Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр әйелге байқамай түсік жасаған дәрігерлер сотты болды

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяда әйел адамға басқа бір науқаспен шатастырып түсік жасаған деп хабарлдайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Тамыз айының басында Вьетнам тұрғыны жүктілігінің алтыншы айында Сеул қаласындағы клиникалардың біріне жүгінген. Оған уколдар белгілеп, емшара қабылдау бөлмесіне жіберіпті.

Ондағы дәрігер мен медбике әйелді түсік жасауға келді деп шешкен. Олар науқастың жеке мәліметін анықтамастан, анестетик егіп процедураны жүзеге асырған.

Ертесіне науқас медициналық мекемеге қайта келіп, қан кетуіне байланысты шағымданған. Өзіне түсік жасалғанын сол кезде бір-ақ білген әйел бірден полицияға жүгінген.

23 қыркүйекте полиция қызметінде немқұрайлық танытқаны үшін дәрігер мен медбикенінің үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді. Жақын арада іс прокуратураға өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1818703-aagy-auyr-jeldi-balasyn-bajkamaj-alyp-tastagan-drigerler-sotty-boldy/

pixel