RU
Нұр-Сұлтанда "алтын унитазы" бар үй 1,4 млрд теңгеге сатылмақшы (фото)

Нұр-Сұлтанда "алтын унитазы" бар үй 1,4 млрд теңгеге сатылмақшы (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада сәнді интерьермен салынған үй сатылымға шығарылды. Үй қожайындары жылжымайтын мүлікті 1,4 млрд теңгеге бағалап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерекше дизайнмен сәнделген үйдің сатылымы жөніндегі ақпарат Instagram-дағы krishakz_official қоғамдық парақшасында жарияланды. Онда сегіз бөлмесі бар үйдің 1,4 млрд теңгеге сатылып жатқаны айтылады.

Суреттерге қарағанда, қожайындар үйді венециялық стильде сәндеуге тырысқанын байқауға болады. Үйдің ішінде жарқыраған люстралар мен бағаналар, қымбат жиһаздар қойылған. Барлық бөлмелердегі интерьер алтын түсте безендірілген.

Ең қызығы, дәретханаға да "алтын унитаз" қойылған.

Желі қолданушылары үйді безендірудегі дизайнердің шешімін бағаламаған көрінеді.

"Өте нашар интерьер", "Талғамның жоқтығы", "Тез арада өртеу керек", "Ақша бар – талғам жоқ", "Сығандардың стилі", – деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз
6
6
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel