RU
Түркістанда сегіз баласы бар "Алтын алқа" иесі 70 рет алаяқтық жасаған

Түркістанда сегіз баласы бар "Алтын алқа" иесі 70 рет алаяқтық жасаған

Рассказать Вконтакте

Түркістан қаласында 8 баласы бар "Алтын алқа" иегері бұрынғы мемлекеттік қызметкермен ауыз жаласып, талайды тақырға отырғызып кеткен. Екеуінің 70 жәйтқа қатысы бар екендігі анықталған. Көпбалалы ананың ұл-қыздарының үлкені тұрмыста болса, кенжесі екі жасар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жәбірленушілердің алғашқылары өткен жылдың желтоқсан айында шағымданса, полицейлерге арызданушылар әлі де толастамапты.

Түркістан қаласының тұрғыны көпбалалы ана тергеу барысында мұндай қылмыстық істерге бұрын мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істеген азаматтың көмегімен барғанын айтқан.

Жәбірленушілер өз арыздарында мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп уәде берген әйелге сенім білдіріп, талап еткен қаржыны күмәнсіз қолма-қол тапсырғандарын жазған.

Әзірге келтірілген шығын көлемі 10 млн теңге.

"Бүгінгі күнге дейін осы екі күдіктінің үстінен 190-бапқа сәйкес, 11 жайт анықталып, тергеу амалдары қайта жалғасуда. Түркістан қаласының полицейлері бұрынғы мемлекеттік қызметкермен бірге ауыз жаласып, алаяқтық жолмен 70 жайтқа қатысы бар көпбалалы ана екеуінің ісін сотқа жолдады.
Қазіргі уақытта көпбалалы ана үй қамағында болса, мемлекеттік қызметтен аластатылған ер азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Сіздің реакцияңыз
0
2
5
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel