Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қамалған дәрігерге мінездеме берді

Опубликовано:

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте қамауға алынған №4 аурухананың бас дәрігеріне мінездеме берілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Бейсенбаева. Фото: NUR.KZ
Әсел Бейсенбаева. Фото: NUR.KZ: Original

Алматы қаласының Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева жұмыс барысында Қанат Тезекбаевтың ешқандай сөгіс не ескерту алмағанын айтты. Сондай-ақ, ол заң бұзушылық әрекеттермен көзге түспегенін атап өтті.

Бөлім бастығының орынбасары тергеуге байланысты бөлім өкілдерінің түсініктеме беруге құқығы жоқ болғандықтан, дәрігер мен оның қамауға алынғаны туралы егжей-тегжейлі ақпарат бере алмады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамалғаны белгілі болған еді. Бүгін аталған аурухананың тағы бір дәрігері Асқар Тұңғышбаевтың екі айға темір торға тоғытылғаны хабарланды.

Екеуіне де қызметіне салғырттық танытқан деген айып тағылуда.

Медиктер полиция департаментінің басшысы Серік Күдекбаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған.

Бас дәрігердің әйелі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істің әділ тергелмеуінен қауіптеніп, өз бақылауына алуын өтінген еді.

Сондай-ақ, Дәрігерлер қауымдастығы да денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818738-kogamdyk-densaulyk-saktau-baskarmasy-kamauga-alyngan-drigerge-minezdeme-berdi/

pixel