RU
Тоқаев Алматыда дәрігерлердің тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Тоқаев Алматыда дәрігерлердің тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы дәрігерлердің қамалуына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазба жариялады.

"Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қауымының өтініш-тілектерін оқыдым.
Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қ. әкімінің бақылауында", - деді президент.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамалғаны белгілі болған еді. Бүгін аталған аурухананың тағы бір дәрігері Асқар Тұңғышбаевтың екі айға темір торға тоғытылғаны хабарланды.

Екеуіне де қызметіне салғырттық танытқан деген айып тағылуда.

Медиктер полиция департаментінің басшысы Серік Күдекбаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған.

Бас дәрігердің әйелі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істің әділ тергелмеуінен қауіптеніп, өз бақылауына алуын өтінген еді.

Сондай-ақ, Дәрігерлер қауымдастығы да денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel