RU
Головкин – Деревянченко жекпе-жегін қашан және қай жерден көруге болады?

Головкин – Деревянченко жекпе-жегін қашан және қай жерден көруге болады?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық бокс сүйер қауым отандасымыз Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден тамашалай алады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жекпе-жектің тікелей көрсетілімін 6 қазанда "Qazsport" телеарнасы ұсынады.

GGG-Деревянченко жекпе-жегі Нью-Йорктағы бокс кешінің басты оқиғасы болмақ (уақыт айырмашылығына байланысты қазақстандықтар оны таңертең ерте көре алады).

Айта кетейік, аталған бокс кешінде тағы бір қазақстандық – Әли Ахметов жұдырықтасады. Жас боксшы Геннадий Головкиннің GGG Promotions компаниясында жаттығады.

Vesti.kz-тің ақпараты бойынша, Головкин – Деревянченко жекпе-жегін сондай-ақ "Qazaqstan" телеарнасы да көрсетеді.

Бокс кешінің нақты уақыты кейінірек белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel