RU
Луина он алты жасында даяшы болып, ақша тапқанын жасырмай айтты (фото)

Луина он алты жасында даяшы болып, ақша тапқанын жасырмай айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Әнші Луина он алты жасында Ақтаудағы кәуапханалардың бірінде даяшы болғанын мәлімдеді. Айтуынша, ол тіпті сол еңбекақысына Астраханьға билет те сатып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ағынан жарылған әнші жазбасымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"Осыдан біраз жыл бұрын Ақтаудағы кәуапханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істедім. Ол кезде жасым 16-да болатын. Тіпті сол еңбегіммен Астраханьға пойыздың билетінің де ақшасын шығарып алғанмын.
Сондықтан бүгін рөлге тез енемін деген ойдамын... Өз тәжірибемді еске алсам болды емес пе? Үстімдегі мына киім жараса ма?", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары әншіге қолдау көрсетіп, жылы тілектерін жаудыра жөнелген.

"Жарасымды", "Не кисеңіз де жарасады", "Жарайсыз, еңбекқор екенсіз", "Жас кезінен еңбектенген адам, еңбектің құнын біледі", "Сәттілік", - деген тілектерін жаудырып жатыр көпшілік.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel