RU
"Барлығы заң шеңберінде": Біртанов дәрігерлердің қамалуы туралы не дейді?

"Барлығы заң шеңберінде": Біртанов дәрігерлердің қамалуы туралы не дейді?

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов №4 Алматы қалалық ауруханасы дәрігерлерінің қамауға алынуына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Ведомство басшысы оқиғаның жеке бақылауында екенін айтып, әріптестерін сабырлық сақтауға шақырды.

"Президенттің тапсырмасы бойынша бұл мәселені жеке бақылауға алдым. Барлығы да заң шеңберінде болуы тиіс екеніне сенімдімін. Әріптестерімді сабырлық сақтауға және барлығымыздың ортақ міндетімізді атқаруды жалғастыруға шақырамын", – деді ол.

Еске сала кетейік, Алматыдағы №4 клиникалық аурухананың қос дәрігері Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаевтың тұтқындалуына қатысты тың деректер шықты.

Дәрігерлер қауымдастығы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады.

Кейіннен Қанат Тезекбаевтың ешқайда шықпау туралы қолхатпен қамаудан босатылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel