RU

Оралда кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Оралда түнгі клубта болған оқиғадан соң полиция қызметкері тұтқындалды деп жазады Мой город порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, полицейге кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылуда. Ер адам қамауға алынған, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторында.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Басылымның жазуынша, 23-қыркүйекте 27 жастағы ер адам "Барвиха" түнгі клубында пышақ жарақатын алған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікке полиция қызметкері ілініп, қамауға алынған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818819-oralda-kisi-ltiruge-oktaldy-degen-kdikpen-policia-kyzmetkeri-staldy.html