RU
Молдова президенті Тоқаевты өз еліне шақырды

Мемлекет басшысы Молдова президентімен кездесті

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фин әріптесімен кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен келіссөз жүргізді.

Көшбасшылар саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты қатынастардың құқықтық-шарттық базасын кеңейту мәселелерін талқылады.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді Атап айтқанда, тараптар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Молдова президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Молдоваға ресми сапармен келуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel