RU

Өскемен-Алматы бағытында автобустың аударылуына қатысты тергеу басталды

ШҚО полиция департаменті Аягөз ауданы Айғыржал бекеті маңында болған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады деп жазады ШҚО ПД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Іске алдын-ала ҚР ҚК 345-бап бойынша қаралып жатыр.

Тергеу аясында ведомство қызметкерлері болған жол апатының себебі мен мән-жайын анықтайды. Құқық қорғаушылар тиісті сараптамалар тағайындаған.

Департамент берген мәліметке сәйкес, 25-қыркүйекте автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, автобус аударылып кеткен. Апат болған кезде автобуста 25 адам болды.

Жүргізуші автобустың сол жақ алдыңғы бағанасының сынуы оның автобусты басқара алмауының себебі болғанын айтты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында бүгін таңертең Алматы-Өскемен бағытында жол-көлік оқиғасы болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818825-skemen-almaty-bagytynda-avtobusty-audaryluyna-katysty-tergeu-bastaldy.html