Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Өзбекстанның бай кәсіпкерінің зәулім сарайынан видео тарады

Опубликовано:

Өзбекстандағы бай кәсіпкерлердің бірі Салим Абдувалевтің үйінің видеосы Эхо Узбекистана Telegram парақшасында пайда болды. Кадрлардан керемет жабдықталған бөлмелерді, кәсіпкердің спорттық олжаларын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Twitter

Бейнежазба авторы елдегі беделді кәсіпкерлердің бірінің үйін тамашалаған.

Видеодан үйдегі қолайлы жағдайдан бөлек, спорт-жаттығу залы, түрік хамамы, бассейн мен теннис залы бар екенін аңғаруға болады.

Ал бір бөлме түрлі кітаптар мен кәсіпкердің спорттық олжаларын қоятын мұражайға айналған. Бұдан басқа, қылыштың астына бөлек стеллаж қойылған.

Сондай-ақ, үйде аң аулау кезінде кәсіпкер өлтірген тұлыптарды сақтауға арналған орын құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818860-zelide-zbekstanny-baj-ksipkerini-zulim-sarajynan-video-tarady/

pixel