Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев БҰҰ-дағы тағы бір форумда бірінші болып сөз алды

Опубликовано:

Қазақстан президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында жоспарланған барлық екіжақты кездесулерден кейін Тұрақты даму мәселелері жөнінде жоғары деңгейдегі Форумға қатысты. Мемлекет басшысы шараға қатысушы спикерлер арасынан бірінші болып сөз алды деп хабарлайды Ақорда.

ааааа
Фото: Ақорда: Facebook

Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары - адамзатқа әлеуметтік, технологиялық және экономикалық жетістіктердің игілігі баршаға ортақ болатын кемел келешекке жетудің нақты жол картасын ұсыну екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөнінен артта қалып бара жатқанына алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешу үшін алдағы он жылдықта тиісті нәтижеге қол жеткізу мақсатында нақты шешім қабылдау қажеттігін айтты.

"Өз елімнің саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясатының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму міндеттемелеріне толықтай сәйкес келетінін айта аламын. Әлемдік нарықтың әралуандығына қарамастан Қазақстанның экономикасы табанды өсімді сақтап қалады", - деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімге, инклюзивті қоғам құруға, таза экологияны сақтауға және тиімді әрі есеп беретін институттар құруға қол жеткізе алатынына сенім білдірді.

ааааа
Фото: Ақорда: Facebook

Мемлекет басшысы осы міндеттерді жүзеге асыру аясында, халықтың үніне құлақ асатын мемлекет құру тұжырымдамасының қолға алынғаны туралы айтты. Оның басты міндеті - үкімет пен халық арасындағы диалогты қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білім жүйесін жаңғыртудың, жасыл және цифрлы экономиканы және қарқынды түрде инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығына баса назар аударды.

Оның айтуынша, бұл бағыттар жалпы адамзаттың өркендеуі мен экономикалық жетістіктерге жетудің қуатты қозғаушы күші болмақ.

Қазақстан Президенті біздің елдің тәжірибесінде Тұрақты даму мақсаттарының 80% Қазақстанның стратегиялық бағдарламаларында көрсетілгенін атап өтті.

"2018 жылы Қазақстан БҰҰ институттарымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін "институционалдық архитектура" енгізді, оның ішінде Басқарушы кеңес те бар.
Тұрақты даму мақсаттары жөнінен өткен алғашқы форум 2019 жылғы Астана экономикалық формуының негізгі іс-шарасына айналды. Биыл шілде айында біз алғаш рет ерікті түрде, Қазақстанның жетістіктері мен шешілмеген мәселелері және алдағы он жылдықта жасалуы тиіс мүмкіндіктер бойынша ұлттық шолу жасадық", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818861-tokaev-b-dagy-tagy-bir-forumda-birinsi-bolyp-sz-aldy/

pixel