Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойныңа ал деді": Жамбылдық әйел күйеуінің жұмбақ өліміне полицейлерді кінәлады

Опубликовано:

Жамбыл облысының тұрғыны жұбайының өліміне полицейлерді кінәлап отыр. Айтуынша, олар марқұмның жасамаған қылмысын мойнына артуға тырысып, күш көрсеткен деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы
Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы: Facebook

Александра Минголимова жұбайы жазықсыз түрмеде отырғысы келмеген соң өз-өзіне қол жұмсағанын айтады. Полицейлердің қалай күш көрсеткенін марқұм хатқа жазып қалдырыпты.

Жақындарының айтуынша, Дмитрийді 31 наурыз күні Байзақ ауданындағы үйінен тараздық тәртіп сақшылары алып кеткен екен. Осылайша, қызға қатысты зорлық дерегі бойынша қылмысты мойнына алуды талап етіпті.

"Оған үш полицей 200 мың теңге береміз, екі жыл отырып шығасың деп үгіттейді. Ол оған көнбейді. Жасамаған қылмысты күш көрсету арқылы "мойныңа ал" деп сабап тастаған. Ол өзінің соңғы хатында осыны жазған. Оқ өтпейтін кеудеше кигізіп, бильярд таяғымен ұрып, қатты қорлайды. Денесінде электр шокермен қинаған жара іздері қалып қойған",- дейді марқұмның жұбайы Александра Минголимова.

Зайыбының сөзінше, отағасы сол кеткеннен тек түнгі он екіде отбасына оралған. Ертесіне түстен кейін оны жіпке асылған күйінде тауып алады. Александра құзырлы органдағылар "адам өліміне" қатысты істі де жіті қарамады дейді. Ал полиция мұнымен келіспейді.

"Минголимов Дмитрийдің "өзіне қол жұмсау" дерегі бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды. Маусым айының 30-ы аталған істің қылмыстық құрамы болмауына байланысты іс өндірістен тоқтатылды",-дейді Жамбыл облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ноян Қиымбеков.

Тергеушілер хатта айыпталған үш полицейдің үстінен тексеру жүргізгендерін де хабарлады. Тек "түк таппадық" деп отыр. Шындық іздеп шарқ ұрған Минголимовтар әулеті марқұм болған отағасының мәйітіне эксгумация жасауға бел буған.

Айта кетейік, 27 жасында суицид жасаған Дмитрий пластик терезе жасайтын цехта жалданып жұмыс істеген. Оның артында қалған екі ұлы мен зайыбы қызметтік бабын асыра пайдаланған полицейлердің түк болмағандай жұмыстарын істеп жүргеніне күйінеді.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818890-mojnya-al-dedi-zambyldyk-jel-kjeuini-zmbak-limine-policejlerdi-kinlady/

pixel