RU
ШҚО-да 700 мың теңге пара алған басшы енді 24 млн теңге айыппұл төлейді

ШҚО-да 700 мың теңге пара алған басшы енді 24 млн теңге айыппұл төлейді

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ааааа

Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сүлейменовке қатысты пара алды және алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Оған қарамағындағы қызметкерлерден жұмыста қолайлы жағдай жасап, көмектескені үшін 700 мың теңге көлемінде пара алды, сондай-ақ орындалған жұмыс актілеріне қол қою кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын.

25 қыркүйекте Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен Сүлейменовке пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 24,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel