RU
Белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваның ұлы қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваның ұлы қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның ұлы Руслан Күзденбаев мезгілсіз қайтыс болды. Бұл туралы нумерологтың өзі көпшілікке мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Қайғылы хабарды белгілі нумеролог өзінің Instagram парақшасында жеткізді.

"Ұлым менің! Руслан! өмірден өтті", - деген қысқа ғана жазба қалдырған ол.

Әзірге марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Айте кетерлігі Руслан Күзденбаев нумерологиямен 15 жылдан астам уақыт бойы айналысқан. Ол Мюнхеннің парапсихология институтында курс өтіп, Үндістанда білім алған. Оның соңында әйелі мен бір жасар ұлы қалды.

Клара Күзденбаеваның өзі болса - психология докторы, Ресей Федерациясы президенті басқарма ісі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының түлегі. Оның көмегіне Надежда Бабкина, Любовь Успенская, Тамара Гвердцители және тағы да басқа атақты өнер иелері жүгінген.

NUR.KZ редакциясы марқұмның жанұясы мен жақындарына көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз
3
3
1
8
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel