RU
Алматыда тұтқындалған анестезиолог тергеушінің өтініші бойынша босатылған
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда тұтқындалған анестезиолог тергеушінің өтініші бойынша босатылған

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Алматыдағы №4 клиникалық аурухананың анестезиологы Асқар Тұңғышбаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Анықталғандай, бұл өтінішті экономикалық тергеу департаменті жолдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқар Тұңғышбаев. Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Асқар Тұңғышбаев. Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қалалық соты 25 қыркүйек күні мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Асқар Тұңғышбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы қамауда ұстау мазмұнынан ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатына ауыстырылды.

"Сотқа тиісті өтініш Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен келіп түсті", -деді сот баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы №4 клиникалық аурухананың қос дәрігері Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаевтың тұтқындалуына қатысты тың деректер шықты.

Бас дәрігердің әйелі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істің әділ тергелмеуінен қауіптеніп, өз бақылауына алуын өтінді. Нью-Йоркте жүрген президент бұл іске қатысты пікір білдірді.

Дәрігерлер қауымдастығы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады.

Кейіннен Қанат Тезекбаевтың ешқайда шықпау туралы қолхатпен қамаудан босатылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel