RU

Байбек: Депутаттар мәселе көтермейді, сол себепті оларды көбі танымайды

Еліміздің аймақтарындағы мәслихат депутаттары тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек. Бұл туралы Nur Otan партиялық бақылау комитетінің отырысында Бауыржан Байбек айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байбек
Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ: Original

Партия төрағасының бірінші орынбасары бүгінгі таңда аймақтық құрамды күшейту қажет екенін алға тартты.

"Мәслихат депутаттары белсенді болғаны дұрыс. Өкінішке қарай, аймақ тұрғындары олардың бәрін тани бермейді.
Себебі олар өзекті мәселелерді белсенді түрде көтеріп жатқан жоқ. Ал бұл жерде мемлекет басшысы мен партия алға қойған міндеттерді жүзеге асыру әлеуеті жоғары", - дейді Бауыржан Байбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818923-bajbek-deputattar-msele-ktermejdi-sol-sebepti-olardy-kbi-tanymajdy.html