Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Керімбекова Абай Бегейді керемет әнші деп мойындай алмайтынын ашып айтты

Опубликовано:

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова әріптесі Абай Бегейді керемет әнші деп мойындамайтынын жасырмады. Елдің ерке қызы бұл туралы Еуразия арнасындағы Бір сұрақ бағдарламасында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әнін алғаш естігенде "не ән мынау деп" біртүрлі болғанмын. Не мәні жоқ, не мағынасы жоқ. Шыны керек Абайды керемет әнші деп айта алмаймын. Өзіне де талай айтқанмын. Өзіндік орны бар, халықтың алдында сүйіспеншілігі бар.
Бірақ керемет миллизмі мен техникасы бар, айырып тастайды деп айта алмаймын. Өзінің қазақи үні бар. Бір әнмен Алла бағын ашты", - деп ашығын айтты ол. 

Сондай-ақ, Керімбекова алғаш рет Абай Бегеймен дует орындағанда халық екеуін "отбасын құрды" деп қосқанын жасырмады.

Ақбота әріптесін танығанына 10 жылдай уақыт болғанын, өмірде де, өнерде де дос екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818939-kerimbekova-abaj-begejdi-keremet-nsi-dep-mojyndaj-almajtynyn-asyp-ajtty/

pixel