RU
Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталды деген хабар тарады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталды деген хабар тарады

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталды деген хабар тарады

Фото: bnews.kz

Бұл туралы Жарас Ниязбек есімді журналист Facebook парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, шенеуік бүгін, 26 қыркүйекте ұсталған.

Алматы облысы әкімінің ресми өкілі Ғалымұрат Жүкел Бағдат Манзоровтың кеше іссапарға шығып кеткенін айтты.

"Бүгін мынадай ақпарат тарап жатыр, деректі анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгіндік", - деді ол.

NUR.KZ редакциясы да ҚР сыбайлас жемкқорлыққа қарсы қызмет комитетіне мәлімет алу үшін жүгінген еді. Алайда ведомство ресми мәліметтер таратпайтынын жеткізді.

Мекеме кейінірек жағдайға түсінік беретіндерін айтты.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel