Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңай емес": Динара Сұлтан отбасылы адаммен бас қосты деп сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Қзақастандық танымал әнші Динара Сұлтан өзін отбасылы адамға тұрмысқа шыққаны үшін сөккендерге жауап берді. Ол бұл шындықты көпшілікке жария етудің өзі оған оңайға соқпағанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші аталмыш жазбасын өзінің Instagram парақшасына жүктеген.

"Мен үндемей жүре беруіме де болар еді... Бірақ, өмір солай... Жалпы, ештеңе жасамаған адам ғана қателеспейді. Ал қателіктің бәрі бақытсыздық әкелмейді ғой. Қателік арқылы үйренесің, тіпті, сол қателіктің өзіне — жақсы өмір сүруіңе берілген екінші мүмкіндік деп қарау керек сияқты.

Алланың өзі кешірімді. Оның жанында біз жай ғана адамбыз ғой. Ең бастысы, менің оқиғамдағы әр адам қазір отбасылық бақытын сезініп отырған жандар.

Сондықтан да, өткен өмірді еске алудың айыбы жоқ, бірақ, ол енді талқыланбау керек... Соны түсінсеңіздер екен. Оңай емес... Сөкпеңіздер", - деп жазды ол ағынан жарылып.

Желі қолданушыларының пікірі аталмыш мәселеге қатысты қақ жарылды.

Олардың бірі "Өзіңіз де қыз өсіріп отырсыз, олар сондай жағдайға тап болса, не істер едіңі? Кешірер ме едіңіз?" десе, енді бірі "Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ, әр әйел бақытту болу керек, әркімнің өз өмірі бар", "Ешкім де біреудің өмірін ғайбаттауға, сынауға хақысы жоқ. Сіз не үшін ақталасыз?", - деген сынды пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818945-oaj-emes-dinara-sltan-otbasyly-adammen-bas-kosty-dep-synagandarga-zauap-berdi/

pixel