Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байбек бірнеше депутатты Nur Otan қатарынан шығарып тастамақшы

Опубликовано:

"Nur Otan" төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өз жұмысына жауапсыз қарайтын партия мүшелерін саяси ұйым қатарынан шығарып тастау қажеттігін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ
Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ: Original

Бүгін партиялық бақылау комитетінің отырысында Қызылорда облысынан байланысқа шыққан жергілікті комиссиясының төрайымы Аида Әбибулаева бірқатар мәслихат депутатының жұмысына арызданды.

Партияның жұмысына жауапсыз қарайтын депутаттардың аты-жөнін де жариялады.

"Жалпы, 1 539 адамның мәселесі шешілді. Депутаттар өз кезегінде 646 адамды қабылдап, сан алуан сұрақтардың шешілуіне өз септігін тигізді. Алайда кейбір басшылар мен депутаттар партияның қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесуге және халықтың арыз-шағымдарына формалды түрде қарайды. Мәселен, депутаттар Жансақалов, Мақашев пен Махамбетов халықпен кездесуге бірнеше рет келмей қойған. Облыстық департамент басшылары Орынов, Бәйменова, Өтегенова, Мелдібекова мен Сұлтангереев тура солай істеді", - деді Әбибулаева.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осы мәселеге қатысты өз ойын білдірді.

"Сіз нақты фактілер мен фамилияларды атадыңыз. Өте дұрыс. Олардың қоғамдық қабылдауға неге келмегенін зерделеу керек. Егер ол партия мүшесі ретінде білсе, кестені көрсе, ал қоғамдық қабылдауға келмеген болса, оның партиялық жауапкершілігін қарау қажет. Тіпті, партия қатарынан шығарып тастауға дейін шара қолданған жөн", - деп атап көрсетті Байбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818946-bajbek-birnese-deputatty-nur-otan-katarynan-sygaryp-tastamaksy/

pixel