Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атамбаевтың оққағары ұсталды

Опубликовано:

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың оққағары Қанат Сагымбаев екі тәулікке тұтқындалды. Бұл туралы адвокат Замир Жоошев пен ҚСДП төрағасының орынбасары Кундуз Жолдубаева хабарлады деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Фото: elgezit.kg
Фото: elgezit.kg: Facebook

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Сагымбаевты кісендеп әкетіп бара жатқаны бейнеленген видео жарияланған.

Ал ресми органдар бұған қатысты мәлімет таратпаған.

Хабарларға қарағанда, Сагымбаев бұның алдында Әскери прокуратурада бірнеше сағат бойы тергелген.

Қанат Сагымбаевты Мемлекеттік күзет Алмазбек Атамбаевты қорғауды тапсырған. Ол 20 қыркүйекте жұмыстан шығарылған. Арнайы қызметтің хабарлауынша, Сагымбаев биыл маусым айында басшылықтың қызмет қаруын тапсыру туралы бұйрығына бағынбаған. Сол себепті оған сөгіс жарияланған.

Сагымбаевтың жақтастары оның қызметтен алынуына негіз жеткіліксіз деп есептейді.

Фото: elgezit.kg
Фото: elgezit.kg: Facebook

Еске сала кетсек, 27 маусымда Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылған. Бұрынғы Қырғызстанның басшысы осы мәселеге қатысты шағым түсірген.

Оны бірнеше рет сотқа шақырған. Ал шілденің соңында тергеушілер атышулы қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты жауап алу үшін Атамбаевтың резиденциясына барған. Бірақ оларды ішке кіргізбеген.

7 шілдеде Қырғызстанда бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталғаны хабарланды.

Арнайы жасақ оның Қой-Таштағы резиденциясына шабуыл жасағанымен, бұрынғы басшысының жақтастары оларға тойтарыс бере білген.

Алайда 8 тамызда қарулы күштер шабуылды қайта бастап, нәтижесінде Атамбаевтың өзі берілген.

Атамбаевқа құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы күш қолданғаны, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны, кісі өлтіруды ұйымдастырып, кісі өлтіруге оқталғаны, адамдарды тұтқынға алғаны үшін сияқты 14 айып тағылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818962-atambaevty-okkagary-staldy/

pixel