RU
Сахнаға ән айтып шыққан Әділбек Ниязымбетов елді таңырқатты (фото)

Сахнаға ән айтып шыққан Әділбек Ниязымбетов елді таңырқатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, танымал боксшы Әділбек Ниязымбетов Қазақстан ұлттық телеарнасы ұйымдастырған "Екі жұлдыз" жобасына қатысуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы жаңалықпен спортшының өзі Instagram желісіндегі парақшасында өзі бөліскен.

"Сенбі 21:00-де Қазақстан ұлттық арнасының эфирінде "Екі жұлдыз" жобасының екінші айналымы", - деп жазды Ниязымбетов.

Боксшы отандық бағдарламада "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидашпен бірге өнер көрсетеді.

Алайда Әділбектің енді айтатынын естіген желі қолданушылары бұған таңырқап, түрлі пікірін жаудырған.

"Спортшылар да әнші болып кеткен бе? Әу демейтін қазақ жоқ", "Сіз тағы ән айтасыз ба, көру керек екен, сәттілік сізге", "Сіз де қатысып жатырсыз ба?" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов 2001 және 2003 жылдары өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылғы Азия құрлығының жеңімпазы, 2012, 2016 жылдары өткен Олимпиадада күміс жүлдегері.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel