RU
Босатылған дәрігер-анестезиологты көрген әріптестері көзіне жас алды (видео)

Босатылған дәрігер-анестезиологты көрген әріптестері көзіне жас алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ешқайда шықпау туралы қолхатпен жіберілген дәрігер-анестезиолог Асқар Тұңғышбаевтың әріптестерімен кездескен видеосы желіде пайда болды. Орталарына оралған әріптесін көрген аурухана қызметкерлері көз жастарын тыя алмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

ВидеоJEXEN NEWS телеграм арнасында "Алматыда дәрігер-анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты 4-ші аурухананың қызметкерлері жылап күтіп алды" деген жазбамен пайда болған.

Ақ халаттылар анестезиологты қоршап алған. Қамаудан шығарылған әріптесіне қолдау көрсетуге тырысқан олар көз жасына ерік берген.

"Жақсылық - жақсылық болып қайтады, бар қайғы осымен артта қалсын, тек жақсылық болсын", - дейді дәрігерлер.

Асқар Тұңғышбаевтың қолынан алған олар "Жүріңіз, бірге отырайық, шай ішейік" деп шайға шақырды.

Естеріңізге салсақ, №4 клиникалық аурухананың анестезиологы Асқар Тұңғышбаев ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілген болатын.

Бұған дейін сол аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев та осындай қолхатпен босатылған еді.

Медицина мамандарары Алматы Полиция департаменті басшысының ұлы қайтыс болған соң тұтқындаған.

Бұл іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласып, оқиғаны заң аясында тексеру туралы тапсырма берген еді.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel