Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіттің Наташа Королевамен дуэт айту үшін қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды

Опубликовано:

Отандық әнші Бүркіт ресейлік әріптесі Наташа Королевамен дуэт орындау үшін қалай келісімге келгенін айтып берді деп хабарлайды НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт пен Наташа. Фото: Бүркіттің Instagram парақшасы. Коллаж KAZ.NUR.KZ
Бүркіт пен Наташа. Фото: Бүркіттің Instagram парақшасы. Коллаж KAZ.NUR.KZ: Depositphotos
"Кейбіреулері ойлап жатыр Наташа Королевамен өлең айту үшін соншама ақша шашты деп. Жоқ, бір тиында шашқан жоқпын. Бұл тек қана достық ретінде жасап жатырмыз. Біздің үйге келіп тағы да ет асып, қарсы алып дегендей", - дейді Бүркіт.

Әнші Наташаның жақсы адам екенін тілге тиек етті.

"Негізінде ол көңілі ашық, өте жақсы кісі. Анандай ақшаны жақса көреді деп айта алмаймын. Біздің творчествалық ортамыз ақшаға байланысты емес. Бұл жерде барлығы құрметпен өтіп жатыр", - дейді өнер иесі.

Бүркіт Королевамен тағы бір бейнебаян түсіруді жоспарлап отырғанын жасырмады.

"Тағы да бейнебаян түсірейін деп жатырмыз, көктемге қарай, құдай қаласа", - дейді қазақстандық әртіс.

Әнші келесі жылдың күзінде Бүркіт, Аиша, Наташа деген атпен концерт беруі мүмкін екенін де айтып қалды.

Ал ресейлік жұлдыз бұл ақпараттың шындыққа жанасатынын жеткізді.

"Келесі жылы Қазақстанға келіп концерт беремін деген жоспарым бар. Құшақ жая қарсы алар жандардың бар екені қуантады", - дейді Королева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818995-brkit-natasa-korolevamen-duet-ajtu-sin-kansa-karzy-zmsagany-belgili-boldy/

pixel