Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастар тәжірибесі" жобасы арқылы қалай жұмыс табуға болады?

Опубликовано:

Елімізде көптеген жас маман жұмыс іздеу кезінде бірқатар кедергілерге тап болады. Осы мәселеге байланысты Елбасы тапсырмасымен 2018 жылы «Электронды еңбек биржасы» іске қосылды. Ондағы мақсат – ел азаматтарын жұмыспен қамту. Қазіргі таңда Enbek.kz-те 50 мың вакансия бар, десе де жас түлектер тәжірибесінің жоқтығына байланысты мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр.

Осы мәселені шешу үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» жобасы қолға алынып, оған жас мамандар қатысып жатыр. Соның бірі –Ержанат Кенжетай. Ол Ақмола облысы, Жақсы ауданында тұрады. Жас түлектің өз мамандығы бойынша еш тәжірибесі болмаған, сол себептен қызметін ауыстырғысы келген. Бірақ алдымен жастарға арналған тәжірибеден өтуге бел буыпты.

«Жастар тәжірибесі» жобасы арқылы мамандық бойынша тәжірибе жинауға болады
Фото: от участника, Ержанат Кенжетай: Facebook

1 жыл бұрын сауда өкілі болған, қазіргі өрт сөндіруші Ержанат Көкшетаудағы көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжін «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Дегенмен, 2017 жылы оқу бітірісімен бұл салада қызмет етпеген.

«Колледжді бітіргеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласына келіп, сауда саласында жұмыс істей бастадым. Өз мамандығым бойынша қызмет істеу керектігін түсінемін, бірақ ол маған ұнайтынын білмедім. Сөйтіп жүргенде бір танысым жастар тәжірибесінен өтуге кеңес беріп, ұсыныс білдірді. Артынша байқап көруге шешім қабылдадым. Қалаға келіп, қажет құжаттарды жинадым. Өткен жылдың 1 сәуірінен бастап жоба қатысушымын», – дейді Е. Кенжетай.

«Жастар тәжірибесі» жобасы оқуды аяқтап, 3 жыл бойы жұмыссыз жүрген 29 жасқа толмаған жастарға арналған. Жоба аясында олар жарты жыл белгілі бір мекемеде тәжірибеден өте алады.

«Колледжде оқып жүргенде 2 айға созылған мідетті тәжірибе болған, ол кезде мамандықтың өзіңе ұнайтынын не ұнамайтынын біле алмайсың. Ал жастар тәжірибесінде мұны білу оңай болды. Бұған қоса, ай сайын жалақы алып отырдым», – дейді ол.

Ержанат Кенжетай «Жақсы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен» тәжірибеден өткен, артынша осы бөлімде өрт сөндіруші болып орналасқан.

«Әзірге жоғары білімім жоқ, сондықтан ЖОО-ға тапсыруды жөн санаймын. Келер жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітіремін, сосын өрт сөндіруден бөлімге ауысатын боламын. Ол жерде жоғары білім туралы диплом міндетті түрде сұралады», – дейді жас маман.
«Жастар тәжірибесі» жобасы арқылы мамандық бойынша тәжірибе жинауға болады
Фото: от участника, Ержанат Кенжетай: Facebook

Жоба қатысушыларының жалақысы еңбек келісімшарты бойынша төленеді. Ай сайын республикалық немесе жергілікті бюджеттен төленетін субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы мен банктік қызметтерді ескере отырып, 25 АЕК-ті құрайды.

«Мына жұмыста мені не күтіп тұрғанын білмеймін, бірақ маған ұнайды. Жастар тәжірибесінен тек пайда көріп отырмын. Ол адамға мамандық өзінікі немесе өзінікі еместігін түсінуге мүмкіндік береді. Бағдарлама қатысушы болғаныма қуаныштымын», – деп түйіндейді Ержанат Кенжетай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819001-zastar-tziribesi-zobasy-arkyly-kalaj-zmys-tabuga-bolady/

pixel