Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдардың қолында құлдықта болған 70 жастағы піл қаза болды (фото)

Опубликовано:

Биылғы жылы тамыз айында 70 жастағы Тикиири есімді пілдің оқиғасы әлемге тараған еді. Оның тым арық денесінің суреттері әлемдік медикеңістікте шу тудырды. Ал жарты ай өткен соң, жаны қиналған піл қайтыс болған деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото © Facebook / Save Elephant Foundation
Фото © Facebook / Save Elephant Foundation: Depositphotos

Тикиири "Эсала Перахера" буддалық фестивальінде сәнді көйлек киіп Шри-Ланканың Канди қаласында жүретін он пілдің біреуі болған. Оның әдемі әрі қымбат киімінің астында арық пілдің денесі жасырынған екен.

Фото: Facebook / Save Elephant Foundation
Фото: Facebook / Save Elephant Foundation: Facebook

Бұл туралы зооқорғаушылар естіген бетте әлемнің түкпір-түкпірінен наразылық білдірді. Нәтижесінде жануар Пиннавелдегі пілдерді асырайтын Рамбукканға тапсырылған. Алайда фестиваль оның денсаулығына қатты кері әсерін тигізген көрінеді.

"Ол бүгін күндіз қайтыс болды. Ертең денені ашып, тергеу жүргізу үшін ауруханадан ветеринар келеді.
Байғұс піл бар өмірін құл сияқты өткізді. Біз оның өмірі үшін соңына дейін күресіп, үміттендік" , - дейді зооқорғаушылар.
Фото: Facebook / Save Elephant Foundation
Фото: Facebook / Save Elephant Foundation: Facebook

"Эсала перахера" фестифальін ұйымдастыратын буддалық храмның өкілі Тикииридің ас қорыту жолдары ауырғанын, ол салмақ жинауға кедергі болғанын айтты.

Мәлімдеменің қаншалықты рас екені тексерістен соң белгілі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819021-70-zyl-bojy-adamdardy-kolynda-kldykta-bolgan-pil-kaza-boldy-foto/

pixel