RU

ӘЧ кезінде велосипедінің істен шыққанына ызаланған велошабандоз жылап қалды

Велоспортшы Герман Дарио Гомес Бекерра британдық Йоркширде өткен әлем чемпионатында эмоциясына ерік берді деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Twitter

Видео кадрынан 18 жастағы колумбиялықтың велосипедінің дөңгелегі жарылып, көпшіліктен көмек сұрағанын байқауға болады.

Содан кейін велошабандоз эмоциясына ерік беріп, көзіне жас алды.

Роликте біраз уақыт бір жерде тұрып қалған Германның велосипедін көтеріп, жаяу жүгіргені де көрінеді.

Басылым мәліметінше, соңында колумбиялыққа мамандар дөңгелегін ауыстыруға көмектескен, алайда спортшы тиісті нәтижеге қол жеткізе алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1819074-c-kezinde-velosipedini-isten-sykkanyna-yzalangan-velosabandoz-zylap-kaldy.html