Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Конор ғой мынау": Тікұшақтың қасында суретке түскен Қайрат Нұртас қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың жаңа образы көпшіліктің көңілінен шықты. Әншінің тыңдармандары өнер иесінің киіну үлгісін UFС спортшысы Конор Макгрегормен салыстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хитмен ерекше образдағы суретін Instagram желісіндегі парақшасында жариялап:

"Мына суретке ағылшынша бірнәрсе жазғым кеп тұр, "enjoy" десем қалай? Сіздер қалай атар едіңіздер?" - деп тыңдармандарына сауал жолдады.

Бұны көрген желі оқырмандары Қайрат Нұртастың соңғы уақытта стилі өзгере бастағанын жазған.

"Қайрат жарасмды", "Жарасып тұр", "Сурет шетел болып тұр, өзің де шетелсің ғой", "Талғамы жоғарылапты", "Тамаша", "Сымбаттысың" деді олар.

Әртістің тыңдармандары арасында өнер иесінің киіну үлгісі ирландиялық әйгілі спортшы Конор Макгрегорға ұқсап қалғанын жазғандар да табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819081-konor-goj-mynau-tiksakty-kasynda-suretke-tsken-kajrat-nrtas-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel