RU
"Маньяк" сияқты: Күйеуінен желіде басқан қадамын аңдып отыратын әйел сырымен бөлісті

"Маньяк" сияқты: Күйеуінен желіде басқан қадамын аңдып отыратын әйел сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Тұрмысқа шығып, бір баланы дүниеге әкелген келіншек күйеуінің мінезіне төзе алмай, үйден кетіп қалған. Қазір үш айлық баланың анасы отағасымен қайта табысуды ойлап жүр. Алайда бір ай бұрын айырылысқан жұбайы отбасының түтінін түзетуге асықпайтын сыңайлы деп жазады "Алаш айнасына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Келіншек ең алдымен аяғы ауыр кезде жұбайының қол көтергеніне ашуланады.

"Нәресте өмірге келген соң ол маған қысым көрсете бастады. Мүлдем көмектеспейтін болды. Заттарды әдейі шашатынды шығарды. Ол мені түсінген жоқ. Уақыт таба алмай жүрген кезде тамақ жасауымды талап етті. Бұрынырақ уақытты дұрыс пайдалана алатын едім, босанғаннан кейін бұл қиынға соқты" ,- деп баяндайды кейіпкер.

Оның айтуынша, күйеуі басқа қызбен араласады. Тіпті, осы уақытқа дейін бауыр еті баласына не қажет екенін мүлде сұрамаған. Десе де, әйел адам күйеуімен қайта қосылуды ойлап жүр.

"Себебі, оны сағынамын. Ал күйеуім қосылғысы келмейтін сияқты. "Өзің кетіп қалдың" деп барлығына мені кінәлайды. Мен жарыммен бірге болғым келеді. Оны қатты қызғанамын. Оның үнемі әлеуметтік желісін тексеріп, "маньяк" сияқты басқан қадамын аңдып отырамын", - дейді жан сырын ақтарған келіншек.
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel