RU
Өз әріптесінің 70 мың еуро тұратын сағатын ұрлап алған футболшы ұятқа қалды
Жаңалықтар Спорт

Өз әріптесінің 70 мың еуро тұратын сағатын ұрлап алған футболшы ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

"Ницца" шабуылшысы Ламин Диаби өзінің клубтасы Каспер Дольбергтің 70 мың еуро тұратын сағатын қолды қылғанын мойындады деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, аксессуар "Ницца" клубының киіну бөлмесінде 16 қыркүйек күні жоғалған.

Сағаттың иесі Дольбергтің полицияға барып арыз жазғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары екі футболшыдан күдіктенген, солардың қатарында Диабидің де есімі аталған.

Кейінірек 18 жастағы шабуылшы адвокатымен сағатты ұрлағанын мойындады.

Енді Диаби "Ницца" клубының санкциясына ілігуі ықтимал. Іс келісім-шартты бұзуға дейін баруы мүмкін.

Диаби аксессуар иесі Дольбергге материалды шығын өтеп беруге міндеттелді.

Еске сала кетсек, франциялық "Ницца" клубы мен Дания құрамасының шабуылшысы Каспер Дольбергтің киіну бөлмесінде 70 мың еуро тұратын сағаты ұрланғаны хабарланған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel