Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысы ҚАЖК басшысының орынбасары қайтыс болды

Опубликовано:

26 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Қостанай облысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары Александр Глазко қайтыс болды. Құқық қорғау органдарының қызметкері елордада іс-сапарда жүрген деп хабарлайды "КН" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Александр Глазко. Фото: mvd.gov.kz
Александр Глазко. Фото: mvd.gov.kz: Depositphotos

Басылым ҚАЖК басшысы орынбасарының өлімі туралы алғашқы ақпаратты Whatsapp мессенджері арқылы алған. Тараған мәліметте Александр Глазконың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазылған.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство тек құқық қорғау органдары қызметкерінің өлімін растады.

"Осы жылдың 26 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында іс-сапарда жүрген Қостанай облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Аталған іске қатысы тергеу жұмыстары басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819093-kostanaj-oblysy-kazk-bassysyny-orynbasary-kajtys-boldy/

pixel