RU
Шымкентте Руслан Жанпейісовке қолдау көрсету үшін бір топ байкер жиналды (видео)

Шымкентте Руслан Жанпейісовке қолдау көрсету үшін бір топ байкер жиналды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте күні кеше қамауға алынған азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовке қолдау білдірген бір топ байкер жиналды. Олар әл-Фараби полиция бөлімшесінің алдында бас қосқан деп хабарлайды otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram/ruslanzhanpeissov; Видеодан кадр

Фото: instagram/ruslanzhanpeissov; Видеодан кадр

Басылымның жазуынша, осы уақытқа дейін бөлімше алдында соншалықты көп мотоцикл жиналмаған.

Шымкенттегі мотоцикл тізгінін ұстаған азаматтар құзырлы орган алдына Руслан Жанпейісовке қолдау білдіру үшін келіпті.

"Шымкент автомотофедерациясы Русланға қолдау көрсетуді шешті. Біз барлығымыз ол үшін уайымдап жүрміз. Үйінде әйелі мен кішкентай баласы уайымдап жатыр. Ары қарай не боларын білмейміз", - дейді федерация өкілі Әділ Нұрғалиев.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовтың ұсталғаны хабарланды. Сондай-ақ, оның тұтқындалу сәтінен желіде видео да тарады.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel