Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында ғана үйленген қазақ боксшысы екі титул бойынша чемпион атанды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласы Мигел Васкеспен Канаданың Монреаль қаласында жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Sports.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бірінші жартылай орта салмақтағы титулдық айқас он раундқа жоспарланды.

Жүкембаев төрешілердің бірауздан шешімімен жеңімпаз атанды.

Осылайша, Батыр кәсіби мансабында 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, өз дивизионында бос тұрған екі чемпиондық белбеу - WBA Continental және IBF Inter-Continental-ды иеленді.

Ал Жүкембаевтың қарсыласы Мигел Васкес тоғызыншы рет жеңіліп отыр. Ол 41 кездесуде қарсыласынан басым түскен.

Бұл жекпе-жек Батыр Жүкембаевтың кәсіби рингтегі үшінші титулдық кездесу болды. Бұдан бұрын ол IBO International және WBC Continental Americas белбеулерін иемденген еді.

Отандық спортшы жеңісінен кейін Instagram желісіндегі парақшасында қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын айтты.

Сондай-ақ, боксшы Генадий Головкинге алдағы жекпе-жегінде сәттілік тіледі.

Еске сала кетсек, Батыр Жүкембаев 14 шілде күні шаңырақ көтерді.

Спортшының Алматы қаласындағы тойынан соң, келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819102-zakynda-gana-jlengen-kazak-bokssysy-eki-titul-bojynsa-cempion-atandy-video/

pixel