RU
"Ең қорқыныштысы, оның шашын алып тастаған": Бас дәрігердің жұбайы күйеуінің ұсталуы жайлы айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Ең қорқыныштысы, оның шашын алып тастаған": Бас дәрігердің жұбайы күйеуінің ұсталуы жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыда хирург Қанат Тезекбаевтың ісін тергеу жалғасуда. Кеше, 26-қыркүйекте дәрігердің әйелі журналистермен кездесіп, күйеуінің ұсталуы туралы толығырақ баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қанат Тезекбаев. Фото: оk.ru

Қанат Тезекбаев. Фото: оk.ru

Дина Тезекбаеваның сөзінше, оның жолдасы тергеу изоляторында алты күн болған. Алайда осы бір апта оның отбасы үшін нағыз тозаққа айналыпты. Дәрігер тергеу изоляторында болған кезде оның шашын алып тастаған екен.

"Үрейіміз қашты, қиын болды, прокурор келді, біз тағы бір сағат күттік, сосын бізге ол бостандыққа шығады деп айтты. Ол шыққанда, ең қорқынышытысы, оның шашын тақырлап алып тастапты. Соттың шешімі болмаса да, оған кінәлі сияқты қарым-қатынас болған. Оның моральдық тұрғыда еңсесі түсті, бұл тозақтың алтыншы күні болды", - деді хирургтың жұбайы.

Естеріңізге салсақ, №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиологы Асқар Тұңғышбаев Алматы полиция департаменті басшысының ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған еді.

Бұл туралы Тезекбаевтың әйелі президентке ашық хат жазғаннан кейін белгілі болды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны заң аясында тексеру туралы тапсырма берді.

Осыдан кейін бас дәрігер мен сол аурухананың анестезиологы ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Сіздің реакцияңыз
5
1
8
2
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel