RU
Хабиб Нурмагомедовтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Хабиб Нурмагомедовтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың келесі кездесуі наурызда немесе сәуірде өтеді. Бұл туралы спортшының менеджері Ризван Магомедов мәлімдеді деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Хабибтің келесі кездесуі наурыз-сәуір айларына жоспарланған", - деді Магомедов.

Еске сала кетсек, ресейлік спортшының соңғы кездесуі 7 қыркүйекте Абу-Даби қаласында өтті.

Октагонда барын салған Хабиб Нурмагомедов америкалық қарсыласы Дастин Порьені тұншықтыру әдісімен жеңді.

UFC чемпионы атағын қорғап қалған ол сондай-ақ, 6 млн доллар гонорарға ие болды.

Бұл рекордтық көрсеткіштегі сома болып танылады.

Хабибтің гонорарына ақылы трансляцияларды сатудан түскен төлем қосылмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel