RU
"Болашақ көріп тұрған жоқпын": Фируза Шарипова бокстағы мансабын аяқтады

"Болашақ көріп тұрған жоқпын": Фируза Шарипова бокстағы мансабын аяқтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шарипова өзінің Instagram парақшасында спорттағы мансабын аяқтайтынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ол мұндай қадамға амалсыздан барған. Фирузаның айтуынша, 2018 жылы WBC титулы үшін жекпе-жек өтуі керек болған. Алайда қаржылық тапшылықтарға байланысты өтпей қалыпты.

"Құрметті достар! Мен өзімнің спорттағы мансабымды аяқтаймын деп шештім. Өзімнің жаттықтырушыларыма, өзімнің менеджеріме, өзімнің бүкіл командама керемет жұмыс үшін алғыс айтқым келеді! Біз бірге Қазақстанның бірнеше рекордын орнаттық. Қазақстанда кәсіби бокста бізден бөлек қысқа мерзімде үлкен нәтижеге ешкім жеткен жоқ.
Өкінішке орай, кәсіби бокстағы басты титулға жету үшін бір ғана қадамда тоқтап қалдық. Біз Қазақстан үшін 2018 жылы-ақ WBC-тің әлем чемпионы титулын иемденуге дайын болғанбыз. Алайда мұны тек қаржылық себептерге байланысты жасай алмадық. WBC әлем чемпионы титулын алу үшін жекпе-жек өткізуге қаржыны бізге уәде етті, бірақ ақша сол күйі бөлінбеді. Кез келген уақытта титулды алу үшін біз екі жылдай уақыт менің қалпымды сақтадық.
Мен күтіп шаршадым. Үлкен жеңістерге керек жоғары деңгейдегі спорттық қалыпты сақтау үшін көп күш, жүйке және ақша керек. Өкінішке орай, мен бұл күш-жігерімді нәтижеге айналдыратын болашақ көріп тұрған жоқпын.
Осы уақытқа дейін үміт беретін уәделер көп болды, бірақ олар құр уәде болып қалды. Өмір өтіп жатыр, мен оны нәтижесіз күтуге жұмсауға дайын емеспін.
Жылдар бойы мені қолдаған жанкүйерлеріме, бәріне үлкен рахмет айтқым келеді. Ең басты титулды алып сіздерді қуанта алмағаным үшін кешірім сұраймын. Мен қолымнан келгенше тырыстым, бірақ бұл өмірде бәрі мған байланысты емес", - деді Фируза Шарипова.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
12
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel