RU
"10 жыл тәжірибем бар": Аша Матайдың күйеуі продюсер атанды

"10 жыл тәжірибем бар": Аша Матайдың күйеуі продюсер атанды

Рассказать Вконтакте

"Mysterions" тобының әншісі Арман Қоңырбаев енді продюсер. Аша Матайдың жары Анико есімді жас өнерпазды қарамағына алып, өзге қырынан танылып көрмек. Бұл туралы НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Енді өнерде 10 жыл тәжірбием бар ғой. Сол енді тәжірбиеммен бөліскім келіп жүрген еді. Аникомен танысып содан бірге жұмыс істеуге сондай шешім қабылдадық. Жақсы тандем болады деп ойлаймын", - дейді Арман Қоңырбаев.

Телеарна мәліметінше, Анико қазіргі уақытта өзінің кішігірім аудиториясын жинап үлгерген кью-поп әншісі болып табылады. Өнерпаздың жасы - 17-де .

Қонырбаев Аниконың музыкалық бағытын өзгертуге ниетті екенін жасырмады.

"Мен қарсы емеспін кью-попқа. Анико бүкіл Қазақстанға, бүкіл елге танымал әнші болу үшін, барлық бағыттарда жұмыс істеу керек. Ең бастысы поп музыка", - дейді продюсер.

Арман жас әншінің стиліне де еркіндік бермек және олар әзірге бір жылға ғана келісім шартқа отырған.

"Әзірше бір жылға отырдық. Өйткені бір жылға деген біздің жұмыс жасауға жоспарымыз бар. Бір жыл көбісі аз деп ойлауы мүмкін. Бірақ бір жылдың ішінде көп нәрсе жасауға болады", - дейді Қоңырбаев.

Жас әртіс пен продюсер арасындағы жұмыс басталып, бір бейнабаян түсірілген.

Бұл туралы Аникода өз пікірін білдіре кетті.

"Жақында, екінші бейнебаянымыз, алдағы айдың ортасына қарай тұсаукесері болады. Оны көп айтсам қызық болмай қалады", - дейді жас өнерпаз.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel