Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара сөзден қамшы өріп отырмыз": Қарағұсова мен Әлімжанов желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Жақында ғана мәжіліс депутаты атанған Нұрлан Әлімжанов елордадағы Тәуелсіздік сарайында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысты. Актер желіде қазақ тілін жетік меңгермегені үшін үнемі талқыға түсетін депутат Гүлжан Қарағұсовамен түскен суретін жариялады. Көпшілік әріптестерді әзіл аралас сөздермен біраз талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлімжановтың өзі жазбасының соңын қалжыңмен аяқтаған сыңайлы.

"Халықтың көзайымына айналған білікті де білімді, өз ісінің шебері ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Гүлжан Жанпейісқызы Қарағұсова әріптесіммен қазақтың қара сөзінен қамшы өріп отырған кезіміз", - деді ол.

Бұл жазбаны оқыған көпшілік қазақ тілінде еркін сөйлеуге тырысып жүрген депутат пен әншіге әзілдерін жолдады.

"Бір Нұрлан жақсы, бір Нұрлан өкінішке орай...", "Өте жақсы әйел, қазақша көбірек сөйлесін. Барлығы жақсы көріп, әзілдеп айтады", "Апаңның тілін жақсы түсінесің бе?", "Осы кісі маған ұнайды", "Ол кісінің айтқан сөзін мен түсінгенмін", "Қалай өрдіңіздер?", "Ол кісіде қазақша сөйлеуге деген ниет бар" , "Қазақтың қара сөзінен, қамшы өре алмайды бұл кісі. Орыстың сөзінен әдемілеп өреді", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819125-kara-szden-kamsy-rip-otyr-otyrmyz-karagsova-men-limzanov-zelide-kyzu-talkyga-tsti/

pixel