Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихта "өлім ханшайымы" атымен қалған сұрмерген әйел жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Германия мен Совет Одағы арасында болған соғыста ер адамдармен бірдей әйелдер де майданға аттанды. Соның бірі Людмила Павличенко. Ол жауының арасында "Өлім ханшайымы" лақап атымен танылған деп жазады Bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Людмила Павличенко Киев маңындағы кішкентай ауылда дүниеге келген. Бала күнінен мақсатшыл әрі қызба болған. Көрші жігіттің садақ атудағы жетістіктерімен мақтанып жатқанын естіген ару да винтовкамен жаттыға бастайды.

Неміс әскерінің Совет одағына шабуылы басталған кезде Людмила Киев университетінің тарих факультетінде оқыған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Суыт хабарды естіген ол бірден соғысқа аттануға өтініш берген. Бойжеткенді медбике болуға көндірсе де, ол Қызыл әскерге жауынгер болуды мақсат еткен.

Оны Қызыл әскер қатарына алу үшін немістерге жұмыс істеген екі румындықты алыстан атуға тапсырма береді. Людмила берілген тапсырманы бұлжытпай орындап, 25-ші Чапаевтың атқыштар дивизиясына қабылданады.

Павличенко бірнеше ай бойы Одесса түбінде, Молдовада соғысқан. Кейіннен Севастополь қаласына ауысқан.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Ол жерде Людмила снайпер арқылы немістерді тобымен көзін жойып отырған. Жаудың 309 сарбазына оқығы дәл тиген. Осылайша ол тарихта ең мықты снайпершілердің бірі ретінде қалған.

Фото: inosmi.ru
Фото: inosmi.ru: Facebook

Оны ең қауіпті тапсырмаларға соның ішінде неміс снайперлерімен шайқасуға жіберіп отырған. Мұндай ұрыстар бірнеше күнге жалғасқан.

Кезекті шайқастардың бірінде бетінен жарақат алған Людмиланы снайпершілерді оқытуға жібереді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Людмила сондай-ақ, Совет одағына қысымды азайту үшін АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдеріне барған делегеция құрамында болған.

Сөйтіп, ол ең жоғарғы марапат Совет Одағының Батыры атағын алған. Соғыс біткенше снайперлерді үйреткен. Кейінірек Киевке оралып, университетті тәмәмдаған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Людмила Павличенко 1974 жылдың 27-қазанында қайтыс болып, Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819128-tarihta-lim-hansajymy-atymen-kalgan-srmergen-jel-zajly-ne-bilemiz/

pixel