Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңдасын Оразалин Татарстан Республикасына іс-сапармен барды

Опубликовано:

26-қыркүйек, бейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Татарстан Республикасы Қазан қаласына іс-сапармен барды.

Ақтөбе облысы мен Татарстан әріптестікті нығайтпақ
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Аймақ басшысы бастаған делегация әлемнің ірі компанияларымен бірігіп жұмыс жасайтын инвестициялық даму агенттігінде болып, олардың жұмысымен танысты. 2011 жылы іске қосылған агенттіктің басшысы Талия Минуллина ақтөбелік қонақтарға экономикалық аймақта кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайды көрсетті. Ол сондай-ақ, Ақтөбе өңірінің мамандарымен тәжірибе алмасуға және бірігіп жұмыс жасауға әзір екенін жеткізді.

Одан соң Татарстан елінің экономикалық әлеуетінің таныстырылымы өтті. Ақтөбе облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен ТР-ның инвестициялық даму агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы, және "Атамекен" Ақтөбе облыстық өңірлік палатасы мен ТР-ның сауда өнеркәсіптік палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморондумдарға қол қойылды.

Ақтөбе облысы мен Татарстан әріптестікті нығайтпақ
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Өңір басшысының сапары заманауи индустриялық «Химград»кешенінде жалғасты. Резиденттерге алаңдар мен жер учаскелерін жалға беріп, сатумен айналысушы «Химград» өндірісті жылдам бастап, оны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы ауданы 131 га, ғимараттар мен құрылыстардың жобалық ауданы 500 мың шаршы метрден асады. Химия өнеркәсібі, полимерлерді қайта өңдеу, нанотехнологиялар, ресурс үнемдеу және энергия тиімділігі, медициналық технологиялар саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестегі 282 компания жұмыс жасайды.

Оңдасын Оразалин салаларға қажетті жабдықтардың ішінде ұшқышсыз басқарылатын, ауылшаруашылығымен қатар түрлі салада қолдануға болатын «Flyp» жүк дронына қызығушылық танытты. Ауылшаруашылығына керекті әрі тимді жаңа технологияны мамандармен біріге отырып Ақтөбе облысында жүзеге асыру қажеттігін айтты. Бұдан соң, облыс әкімі Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың қабылдауында болды.

Кездесуде туризм, кәсіпкерлік, денсаулық, білім, химия өнеркәсібі саласында екі жақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылап, алдағы уақытта тізе қосып жұмыс жасауға уағдаласты.

«2017 жылдың 9-қарашада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХIV Форумы аясында Ақтөбе облысының әкімдігі мен Татарстан Республикасының Үкіметі арасында сауда-саттық, экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Осы кездесу аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндіктер ашылады деп үміттенемін. Ағымдағы жылдың 7 айында біздің облысымыз бен Татарстан Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналым 19,6 млн. АҚШ долларын құрады»,-деді Оңдасын Оразалин.
Ақтөбе облысы мен Татарстан әріптестікті нығайтпақ
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Өңір басшысы сондай-ақ, фермерлерге өнімдерін сақтап, қайта өңдеу, буып-түю, өндіру және тікелей халыққа сату жұмыстарын атқаруға бір алаңда мүмкіндік беретін «Қазан» агроөнеркәсіптік кешенінде болды.

Басшысы Олег Власов облыс әкіміне жұмыстарын көрсетіп, жоспарларымен бөлісті.

Айтып өтейік, Татарстан Республикасынан Ақтөбе облысына ірі қара мал, ірі қара мал еті, этилен полимерлері, бұрандалар, болттар, гайкалар, глухарлар, тіркемелер мен жартылай тіркемелер және т. б тауар түрлері жеткізіледі. Сондай-ақ, қазіргі таңда өңірдегі 9 шаруа қожалық сүтті асыл тұқымды сиырларды сатып алу бойынша келісімдер жүргізуде.

Ақтөбе облысы мен Татарстан әріптестікті нығайтпақ
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Содан соң, ақтөбелік делегация РФ бойынша бірінші IT бағытындағы Иннополис университетінде болып, жұмыстарымен танысты. Карнеги-Меллон, Мәскеу Мемлекеттік университетімен, Цюрих Швейцария жоғары техникалық мектебімен, Сингапур Ұлттық, Амстердам университеттерімен, Корея алдыңғы қатарлы технологиялар институты, Мәскеу физика-техникалық институтымен жұмыс жасайтын білім ордасы 2012 жылы ашылған.

Университет қалашығында мектеп оқушыларын жоғары оқу орнына дейінгі дайындық аясында спорттық робототехника, математика, бағдарламалау және жобалық қызмет курстарын қамтитын STEM-бағдарламалар бойынша оқытады. АҚШ, Канада, Пәкістан, Англия, Франция елдерінен келген 30дан астам оқытушы дәріс береді.

Ақтөбе облысы мен Татарстан әріптестікті нығайтпақ
Фото: Акимат Актюбинской области: Facebook

Аймақ басшысы бұдан соң «Ювт Аэро» АҚ әуе компаниясының бас директоры Петр Трубаевпен кездесті. Кездесуде Ақтөбе мен Қазан қаласы арасындағы әуе қатынасты реттеу мәселесі талқыланды. Екі шаһардың байланысын арттыруға арналған жаңа әуебағыттың ашылуы бойынша келіссөздер жүргізілді.

Татарстан еліндегі іс-сапар соңында облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Татарстан- Новый век» мемлекеттік телеарнасына сұхбат берді. Облыс басшысы Қазақстан мен Татарстан арасындағы әлеуметтік-экономикалық, достық қарым-қатынас аясында түсіріліп жатқан деректі фильмде өз пікірін білдірді.

Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі индустриялық-инновациялық даму, экономика және бюджетті жоспарлау басқармаларының басшыларына, Ақтөбе "ӘКК" АҚ» Басқарма төрағасына, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшысына аймақтағы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1819136-odasyn-orazalin-tatarstan-respublikasyna-is-saparmen-bardy/

pixel