Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен сені шын сүйемін": Бейбіт Құшқалиевтің жаңа клиіпне танымал блогер түсті

Опубликовано:

Белгілі әнші Бейбіт Кушкалиевтің жаңа бейнабаяны жарыққа шықты. Қазақ эстрадасының жұлдызы клипінде отандық танымал блогермен түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Әртістің жаңа бейнебаяны Gakku телеарнасының Youtube желісіндегі парақшасында жарияланды.

Әннің атауы "Мен сені шын сүйемін" деп аталады.

Видео кадрынан махаббат хикаясын, шынайы сезім мен кіршіксіз көңілді аңғару қиын емес.

Бұны көрген желі оқырмандары Бейбіт Кушкалиевті жаңа туындысымен құттықтап, бейнебаянның сәтті шыққанын жеткізді.

"Өте керемет туындылар жасайды, Бейбіт аға! Жарайсыз!", "Біреулер сияқты сүйіспей-ақ, жабыспай-ақ, жап-жақсы дүние шығарған", "Керемет ән", "Бейбіт Кушкалиевтің талғамы өте жоғары. Маған әншінің кез келген әнді орындай бермейтіні ұнайды. Осы жолғы туындысы да сауатты шығыпты. Әсерлі. Құлақтың құрышын қандырады", - деді олар.

Пікір білдірушілердің арасында қыздың табиғи сұлулығына тәнті болғандар да жетерлік.

"Қызды әдемі таңдапты, көбінің бейнебаянында қыздар екі метр кірпік жабыстырып алады", "Қыздың түрі таныс", "Өте сұлу қыз", "Актрисаның сұлулығына ғашық болдым", - деді әртістің тыңдармандары.

Айта кетерлігі, клипке басты рөлдегі актриса ретінде отандық танымал блогер түскен.

Фариза Ағзамова Instagram желісінде үлкен танымалдылыққа ие. Ол түрлі тақырыптарда блог жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819153-men-seni-syn-sjemin-bejbit-kuskalievti-zaa-kliipne-tanymal-bloger-tsti/

pixel