RU
Жанна Фриске көзі тірісінде қолдау көрсеткен 15 жасар қыз қатерлі ісіктен көз жұмды

Жанна Фриске көзі тірісінде қолдау көрсеткен 15 жасар қыз қатерлі ісіктен көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Пермь қаласындағы клиникада Наташа Долматова көз жұмды. Қызда мидың қатерлі ісігі – медуллобластома анықталған. Ол әнші Жанна Фриске үшін жиналған қаражатқа емделген болатын деп хабарлайды СтарХит-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші көзі тірі кезінде Пермь қаласының мектеп оқушысы Наташа Долматова мен оның отбасына қолдау көрсетіп келген. Ол үнемі қыздың ата-анасымен байланыста болып, қолынан келген көмегін аямаған.

Қыздың анасы Ирина ресейлік жұлдыздың әрдайым оларды қолдап, ешқашан үміт үзбеуге шақыратынын еске алады.

Емдеу курсынан өткеннен кейін Наташа белгілі бір уақыт өзін жақсы сезінген. Алайда, кезекті медициналық тексеруден кейін мидың қатерлі ісігі қайта анықталды.

Ол Пермь қаласының ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, науқасты аман алып қалуға мүмкіндік болмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel