RU
Аружан Саин: Егер әйел митингке баласымен келсе, оған тиісудің қажеті жоқ

Аружан Саин: Егер әйел митингке баласымен келсе, оған тиісудің қажеті жоқ

Рассказать Вконтакте

Аружан Саин қазақстандық ата-аналарды өздері шығатын митингтерге балаларын апармауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналистермен өткен брифингте ол полиция және ата-аналарға үндеу жолдады.

"Бірінші үндеуім ата-аналарға - балаларды ондай шараларға апармауларыңызды өтінемін. Адам көп болған соң, баламен барахолкаға бару да қорқынышты.

Мұнда да сондай шара - не болатыны белгісіз. Балаларды мұндай митингтерге апармауларыңызды өтінемін.

Екінші - полиция органдарына. Егер сот өткізбей-ақ, айыппұлды пошта арқылы салуға болса, балалы адамды органға әкетудің, оларға тиісудің қажеті жоқ.

Егер балалы ана (митингке) келсе, сол жерде болса, айтқысы келгенін айтсын. Әрі қарай заң бұзылса, онда сіздер оны тұтқынға алмай-ақ барлық шараларды жүргізе аласыздар", - деді балалар омбудсмені.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel