Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы қандай болды?

Опубликовано:

«Хабар» Агентігінің тапсырысымен отандық «шоу-бизнес» ұғымының жаңадан қалыптасқан кездері туралы мелодрама түсірілді. Бүгінгі таңда «Рауза» картинасы дүйсенбі-бейсенбі аралығында, сағат 21.40-та «Хабар» телеарнасынан көрермен назарына ұсынылуда. Туындының бас продюсері – Баян Алагөзова.

«Рауза» телехикаясын тамашалаудың 10 себебі бар! Анығырақ тоқталсақ,олар:

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

1. Біріншіден, алып шаһар Алматының 90 жж – дағы келбеті көз алдыңызға келеді.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

2. Екіншіден, сол жылдардағы өнер ордасының қабырғасындағы орын алған шынайы, қызықты оқиғалар бейнеленеді.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

3. Үшіншіден, отандық шоу бизнестің ортасында өзіңіз жүргендей күй кешесіз. Қазақстандық «шоу-бизнестің» аяқ алыс тұстарының, ондағы бақталастық, көреалмаушылық, аяқтан шалу сынды, күнделікті өмірде сіз біле бермейтін шынайы құйтұрқы әрекеттердің куәсі боласыз.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

4. Төртіншіден, 90 жж –дағы бұзақылардың, сол кездегі тілмен айтқанда «рэкеттердің» дәуірін солармен бірге бастан кешіресіз. Жаппай төбелес, заңсыз жымысқы әрекеттер мен өмірін бәсекеге тігетін «жанкештердің» тағдырына куә боласыз.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

5. Бесіншіден, 90 жылдардағы өмірдің картинасы - телехикаяда қазақстандықтардың күнкөрісімен, күнделікті өмірімен, тіпті сол жылдардағы киім киіс үлгілерімен суреттеліп отырады.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

6. Алтыншыдан, «Рауза» картинасы - автокөлік коллекционерлеріне тамаша мүмкіндік сыйлайды! Себебі, аталмыш картинада шамамен 30 жыл бұрынғы көліктердің түрлі маркалары көрініс тауып отырады.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

7. Бүгінде елудің елеуін өтіп,алпысқа аяқ басқан кісілер - сол жылдардағы студенттік шақтарына көз жүгірте алады. Бас қаладағы оқу ошақтары, бозбала мен бойжеткен шақтары жатақханада өткен кездері еріксіз көз алдыларынан өтеді..

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

8. Бас кейіпкер Раузаның әсем дауысы мен әуезді әндерін тыңдай аласыздар. Айта кетейік, «Рауза» картинасының музыкалық продюсері – Бағым Мухитденова.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

9. Өнер жолын өмірімен тоғыстыруға бел буған дарынды жастар «Раузаны» көру арқылы, музыка әлеміндегі кездестіретін қиындықтарды сүзгіден өткізіп, түбі жетістікке жетудің басты жолын түсінуге мүмкіндік алады.

90 жылдардағы отандық шоу-бизнестің аяқ алысы туралы телехикая

10. Асқақ арманның алысқа апаратындығына адамзат тағы да бір мәрте көз жеткізеді.

12 бөлімнен тұратын бұл телехикаядан Жарқынай ШАЛҚАР, Қуаныш КЕРІМҚҰЛОВ, Айдар АСҚАРБЕК, Алмат САҚАТОВ, Роза МҰҚАТАЕВА,Ғазрет ЕРЖАНОВ, Шерхан ПІРНАЗАР, Асан МӘЖИТ, Асқар ЖҰМАБЕК, Айгерім ҚАЙРАТҚЫЗЫ, Зухра САЙПИ, Ақбөпе ӘБДІРАШ, Ақниет МЕЙІРЖАНҚЫЗЫ, Ерлан ӘЛИ және басқа да актерлерді көре аласыздар.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819194-90-zyldardagy-otandyk-sou-biznesti-aak-alysy-kandaj-boldy/

pixel