RU
Жаңбыр мен жабысқақ қар: Қазақстанда -5 градусқа дейін күн суытады
Жаңалықтар Қоғам

Жаңбыр мен жабысқақ қар: Қазақстанда -5 градусқа дейін күн суытады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда алдағы демалыс күндері тұрақсыз ауа райы болмақ. -5 градусқа дейін қатқақ күтілуде деп жазады "Қазгидромет" РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Метеорологиялық орталықтың айтуынша, еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде суық атмосфералық фронттар жаңбыр мен суық түсіре бастаған.

Осы демалыс күндері, 28 және 29-қыркүйекте республиканың басқа аймақтарында да ауа температурасының төмендеуі және суық түсуі күтілуде.

29-қыркүйекте Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 30-қыркүйек күні ШҚО-да жаңбыр мен жабысқақ қар болады.

Бұл өңірлерде дабылды ескерту жарияланған.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында да 1-3 градус қатқақ болуы мүмкін.

Еліміздің оңтүстігінде де күн суиды деп күтілуде. Дүйсенбі күні сынап бағанасы күндіз 12-18 грдаусты көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel