RU
"Көзіне атқан": ІІМ Жанпейісовтің неге ұсталғанын түсіндіріп берді

"Көзіне атқан": ІІМ Жанпейісовтің неге ұсталғанын түсіндіріп берді

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі Райымбеков Бейбарысты (Жанпейісов Руслан) ұстау дерегінің жай-жапсарын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ІІМ берген мәліметінше, осы жылдың 26 қыркүйегінде Шымкент қаласының тұрғыны Райымбеков қылмыстық құқық бұзғаны үшін, ҚР ҚК 293 бабы, 3-бөлімі, 2 тармағы (бұзақылық), 107 бап, 2-бөлім, 5 тармағы (бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) және 378 бап, 2-бөлімі (билік өкіліне тіл тигізу) бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Ведомствоның айтуынша, 2019 жылдың 11 маусымында Шымкент қаласы Әль-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын денсаулығыма зиян келтірді деп Райымбековтің үстінен арызданған.

"Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында белгісіз адам зардап шегушіні автокөлігінің соңына түскен.

Автотранспорт тоқтаған соң, зардап шегуішіні аңдыған ер адам себепсіз оның көзіне аэрозольді құралды шашып жіберген.

Тергеу барысында бақылау камераларындағы Райымбеков Б. бұзақылық әрекетін растайтын бейнематериалдар да зерттелді. Осыны ескере отырып, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлімі, 2-пункті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді ІІМ.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, жәбірленушінің көру қабілеті едәуір тұрақты жоғалуы негізінде денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтірілген. Осы себепті 26 қыркүйек күні бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Сонымен қатар, осы жылдың 5 қыркүйегінде Райымбеков кезекші полиция қызметкерінен қызметте жүрген кезінде оны бейәдеп сөздермен қорлағаны туралы шағым түскен.

Сараптама қорытындысына сәйкес, полицеймен сөйлескенде Райымбековтің сөзінде полиция қызметкеріне қатысты дөрекі және қорлайтын сөздер айтылған. Аталған факті бойынша 378-бабтың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство Райымбеков Бейбарыс (Жанпейісов Руслан) қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзып отырғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғанын айтты.

Ол үш рет сотталған және ҚР ҚК 175 бабы 2-бөлігі (ұрлық), 103-баптың 1-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 399 бабы (ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз пайдалану) бойынша түзеу мекемелерінде жазасын өтеген.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте белсенді, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісовтің ұсталғаны хабарланды.

Кейінірек полицияның оны ұстаған видеосы пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
5
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel