Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаева: Қазақтардың өзі қай сөзді қалай қолдану керектігін шеше алмай жүр

Опубликовано:

Сенат спикері Дариға Назарбаева парламенттік тыңдау барысында үкіметтің заң шығару жұмысындағы көпжылдық проблемалар жөнінде мәселе көтеріп, елдегі заң шығару процесі тәсілдерін тұжырымдамалы және түбегейлі түрде қайта қарау қажеттілігіне тоқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дариға Назарбаева. Фото: NUR.KZ
Дариға Назарбаева. Фото: NUR.KZ: Original

Бірінші кезекте ол формализмнен арылу қажеттілігіне назар аударды.

"Бүгінгі таңда үкіметте өздері немесе парламент депутаттары бастамашылық еткен заңдарды бақылаудың пәрменді құралы жоқ. Оларды бақылауға құқымыз жоқ.
Парламентте мониторинг сияқты құрал жоқ. Парламент үкіметтің бастамасымен шығарылған заңдарды қабылдайды, бірақ кейін бұл заңдардың тағдыры жөнінде хабарсызбыз.
Сондықтан бұл жерде құқықтық бақылау тәсілдерін де өзгерту қажет, олсыз ештеңе болмайды", – деді Дариға Назарбаева.

Ол сондай-ақ заң шығару процесіндегі қазақ тілінің жағдайына байланысты пікір білдірді.

"Қазақ тілі... Иа, бұл жерде проблема бар. Алайда, шындығын айтсақ, бұл мәселеде ешкімді кінәлай алмайсың. Қазақтардың өзі қай сөзді қалай дұрыс қолдану керектігін шеше алмай жүр.
Ғалымдарымыздың өзі бір-бірімен келісе алмай жүргенде, мұндай мәліметтермен күнделікті тәжірибеде жұмыс істейтіндерден не талап етуге болады? Мұндай проблема бар. Бұл жерде мемлкеттік органдарға нақты ұсыныстар енгізу арқылы талқылау өткізудің пайдасы тимек", – деді Сенат спикері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1819204-nazarbaeva-kazaktardy-zi-kaj-szdi-kalaj-koldanu-kerektigin-sese-almaj-zr/

pixel