RU
Жанпейісов полиция қызметкерлерін қалай балағаттаған: ІІМ видео таратты

Жанпейісов полиция қызметкерлерін қалай балағаттаған: ІІМ видео таратты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан ІІМ "полицейлердің үрейі" атанған Руслан Жанпейісовтің (шын аты-жөні Бейбарыс Райымбеков) құқық қорғау органдары қызметкерлерін балағаттап, дөрекі сөйлеген видеосын таратты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кадрлардан Жанпейісовтің өзінің қызметтік міндеттерін атқарып тұрған полиция қызметкерлерін видеоға түсіріп тұрғанын көруге болады.

Сондай-ақ, ол дөрекілік танытып, олардың ары мен қадір-қаситіне нұқсан келтіретін сөздер айтқан.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, полицеймен сөйлескенде Райымбековтің сөзінде полиция қызметкеріне қатысты дөрекі және қорлайтын сөздер айтылған", - деп хабарлады ІІМ.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте белсенді, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісовтің ұсталғаны хабарланды.

Кейінірек полицияның оны ұстаған видеосы пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel